Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарбағатайда жаңа мешіт бой көтерді

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі 13.01.2020 2302 0 пікір
Тарбағатайда жаңа мешіт бой көтерді

Жуырда Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында заман талабына сай, көк күмбезді жаңа мешіт ашылды.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы және жан-жақтан келген қонақтармен қатар ауыл тұрғындары қатысты.

Қасиетті жұма күні ашылған мешітте бас имам Асқар Әбітайұлы ҚМДБ – ның Төрағасы Бас Муфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің ыстық сәлемін жеткізді, құттықтау сөз сөйлеп, жаңа имандылық үйінің ауыл жұртшылығы үшін ізгілікке насихаттаушы, мейірімділік пен бірлікке шақырушы орынға айналуын тіледі. Мешітке қасиетті Құранмен сый-сияпат табыстап, уағыз-насихат айтып, алғашқы жұма намазын өткізді.

Жұма намазынан соң ас беріліп, мешіттің салынуына атсалысқан азаматтарға алғыс айтылып, бас имам атынан алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру