Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар имамдары жылдық жоспарын бекітті

mazhab.kz 10.01.2020 3297 0 пікір
Павлодар имамдары жылдық жоспарын бекітті

Павлодар облысының қала, аудан мешіті имамдары былтыр атқарған іс-қызметтеріне есеп беріп,  2020 жылдағы  келелі міндеттерін  талқылады.

Жылдың алғашқы мәжілісінде  облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы әрбір қала, аудан  имамына көптеген сұрақтар қойып, олардың жауаптарын былтырғы мәліметтермен салыстыра отырып есебін тыңдады және атқарған қызметтеріне баға берді.

 Келесі кезекте 2020 жылы жүзеге асатын ізгі іс-шаралардың жоспары талқыланып бекітілді.  Соңында  бас имам Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай атқарылатын 30 игі іс, осы бойынша облыс мешіттерінде атқарылатын сауапты һәм салауатты шаралар бойынша  әр мешітке міндеттер жүктеп,  олардан күтер үміті мол екенін айтып, сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру