Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада әйел жамағатына шеберлік сабағы өтті

muslim.kz 09.01.2020 602 0 пікір
Елордада әйел жамағатына шеберлік сабағы өтті

Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әйелдер жамағатына арналған шеберлік сабағы өтті.

«Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуге көпке белгілі визажист Жаннұр Төремұрат шақырылып, қыз-келіншектерге «Сұлулық – көңіл айнасы» атты шеберлік сабағын өткізді.

- Әйел кісінің жары алдында көркем бейнеде болуын шариғатымыз да құп көреді. Ислам ғалымдары да әйелдердің күйеуі алдындағы міндеттерін былай деп атап көрсеткен: «Әйелдің күйеуі үшін әшекей тағып сәнденуіне және боянуына шек қойылмайды. Қайта бұл сауапты іс» - дейді ұйымдастырушылар.

 Жиын соңында Жаннұр ханымға «Алғыс хат» табысталып, діни кітаптар сыйға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі