Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Ақ түйенің қарны жарылған күн

taglym.kz 16.12.2019 846 0 пікір
Талдықорған: Ақ түйенің қарны жарылған күн

 

Жыл басында жарияланған "Ел үлесі пәтерге" қайырымдылық жоба аясында кезектегі 168-үйдің кілті Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының тұрғыны, өзі мүмкіндігі шектеулі, 3 баланың анасына, ал 169-үйдің кілті Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылының тұрғыны, 4 балалы жалғызбасты анаға табысталды.

2020 жылға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен қолға алынған ҚМДБ-ның 30 жылдығына байланысты "30 игі шара" жоспары бойынша 30 дін қызметкеріне баспана шарасы аясында тұңғыш болып Жетісу жерінде баспана кілті берілді. Игі жобаның алғашқы қолдаушы ретінде Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы баспана кілтін салтанатты түрде ҚМДБ-ның "Талдықорған" қайырымдылық жеке мекемесінің директоры, қари-ұстаз Келгенбаев Мадияр Қайратбекұлына табыстады.

Міне, осымен жыл бойына бас имам Ардақ қажы Нүсіпханұлының қала-аудан имамдарын бірауыздан жұмылдыру арқылы 50 отбасы баспаналы болып, қуанышқа бөленіп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі