Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды

Әбу Назар 15.12.2019 2498 0 пікір
Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда жұртшылық белгілі академик, қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Қаралы жиынға марқұмның жақындары, шәкірттері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Сұлтан Сартаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі шексіз. Ол құқық қорғау, заң жүйесінде өлшеусіз еңбек етіп, өте дарынды, білікті мамандар дайындады» деді қала әкімі қаралы жиында.

Профессор Сұлтан Сартайұлының қайтыс болуына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз марқұмның отбасына, туған-туған туыстарына көңіл айтқан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру