Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мереке қарсаңында 100 отбасыға көмек көрсетілді

https://www.inform.kz/ 15.12.2019 2970 0 пікір
Шымкент: Мереке қарсаңында 100 отбасыға көмек көрсетілді

Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай игі істер жалғасуда. Бүгін «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында орталық «Ақ мешіт» мешітінде 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес және Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанұяларға көмектер берілді. Қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов пен Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді.

Қайырымдылық шаралары мұнымен шектелмейтінін, қоғамдағы әлсіз топ мүшелері қашан да қамқорлықтан тыс қалмайтынын атап өтті. Әлеуметтік тұрмысы төмен жанұяларға көрсетілетін қолдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Өз кезегінде көмек алған отбасы мүшелері осы шараны ұйымдастырған қала басшылары мен демеуші азаматтарға шексіз алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында Қаратау ауданында тұратын 70 отбасыға көмек көрсетілген болатын. Қаратау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен және Шымкент қалалық Nur Otan партиясының қолдауымен өткен шараға жергілікті кәсіпкерлер белсенді атсалысып, тұрмысы төмен отбасыларға 4 миллион теңгенің азық-түлігі және тұрмысқа қажетті заттары таратылған болатын. Сондай-ақ, іскер азаматтар «Қайнарбұлақ» саяжайында өртеніп кеткен 3 үйдің шатырын жауып беріп, аудан аумағындағы мектептерге қайырымдылыққа құны бір миллион теңгеден асатын заттар табыстаған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру