Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Тәуелсіздік күніне – волейбол турнирі

Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі 15.12.2019 2631 0 пікір
Павлодар: Тәуелсіздік күніне – волейбол турнирі

Павлодарда алғаш рет Тәуелсіздік күніне арналған Діни курста оқитын қыздар арасында волейболдан турнир өтті.

Іс-шараны Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы мен Павлодар қаласының «Ақмешіт»  қалалық мешіті ұйымдастырды. «Ақмешіт», «Мәшһүр Жүсіп», «Ғазиз», «Омар әл-Фарух» мешіттерінің, Екібастұз қаласы мен Майқайың кенті мешіттерінің діни сауаттылық курстарына қатысатын 6 қыздар командасы волейболдан ауыспалы кубокқа қатысты.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, бірлікке, спорт пен шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бердімұратовтың айтуынша, мешіттерге келушілер жастарды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу рухында тәрбиелейтін іс-шараларға қуана қатысады.

«Деструктивті дін өкілдері адамдарға мұсылмандар мемлекеттік мерекелерге қарсы қоғамнан тұйық өмір салтын ұстанатынын айтады.  Ислам дінінде де, қоғамда да бірлік пен келісімді нығайтатын зайырлы, жақсы дәстүрлерді  қолдайды.  Бізге келушілер дін нұсқаларын сақтаумен қатар, оқып, мемлекет игілігі үшін жұмыс істейтін өз елінің патриоттары» деп атап өтті Жолдас Бердімұратов.

Волейболшыларды қолдауға көптеген көрермендер де көптеп жиналды. Олар – спортшылар, жаттықтырушылар, ата-аналар және оқу орындарының оқушылары. Ойын нәтижесінде «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орында – «Ақмешіт»  командасы. Үшінші орын – Екібастұз қалалық мешітінің еншісінде. Барлық жүлдегерлер дипломдармен, сонымен қатар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру