Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті жәдігер жамағатқа көрсетілді (ФОТО)

11.12.2019 2861 1 пікір
Қасиетті жәдігер жамағатқа көрсетілді (ФОТО)

Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті сақал шәріпі бізге жеткен ең құнды жәдігерлердің бірі. Атбасар өңірінде сан ғасыр бойы сақталған бұл асыл дүние Мүфтияттан Мәуліт мерекесіне орай Көкшетау қаласына әкелінді. Осы күні Науан хазірет мешітіне Пайғамбардың қасиетті сақал шәріпін көруге келген қауым да аз болмады. Облыс имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлының ұсынысымен әкелінген асыл жәдігер Мәуліт мерекесінің тағылымын арттыра түсті.

Жұма намазы алдында ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев мұсылман үшін аса қастерлі дүниенің тарихынан сыр қозғап, жан-жақты ақпарат берді. Арнайы қорапшаға салынған күміспен күптелген шыны түтікше бір тал сақал шәріпті сақтап келеді.

Облыс имамы Қуаныш Сәбит Бас мүфтиге Көкше жұртының ұсынысын жеткізіп, асыл жәдігердің Науан хазірет сияқты ұлылардың еліне әкелінуіне үлес қосты. Бұл айшықты оқиға Мәуліт мерекесінің тағылымын арттырып, оған тәнті болған жұрт жақсы пейілмен тарап жатты.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Aibek Tahai | 29.12.2019 01:21

Ассаляму алейкум қазір бұл Пайғамбарымыздың сақалы (табарук) қаи жерде сақталған? Көру үшін қайжа бару қажет?