Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай «жүйріктері» анықталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 11.12.2019 2646 0 пікір
Абай «жүйріктері» анықталды

Нұр-Мүбарак университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті.

Сайыс үш бөлімнен тұрды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде ақынның бірнеше өлеңін жатқа мәнерлеп оқуға, «Қара сөзім – қазақтың дара бағы» бөлімінде хакім Абайдың қара сөзін жаттап, мағынасын түсіндіруге, ал «Ғылым – сарқылмас қазына» бөлімінде байқауға қатысушылардың абайтанушы ғалымдардың еңбегіне зерттеу жүргізіп, олардың ақын шығармашылығын қалай зерттегеніне талдау жасауына басты назар аударылды.

Әділқазылар алқасының құрамында «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының маманы, философия ғылымдарының докторы Гауһар Мақашева, белгілі дубляж актері Азамат Қанапия шақырылды. Сондай-ақ PhD теология ғылымдарының докторы Мұхитдин Исаұлы, әл-Азһар университетінің PhD түлегі, аға оқытушы Құрманғазы Садыбаев, Нұр-Мүбарак университеті Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Жандос Ишмаханов, кітапхана меңгерушісі Қалбибі Бейісбек, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Эльмира Қырықбаева және педагогика ғылымдарының кандидаты Әбішева Нұрзия болды.

Байқау нәтижесінде сайыстың әр түрі бойынша үш студент іріктеу турынан өтіп, жеңімпаз атанды. Енді олар ақпан айында өтетін университетаралық сайыста бақ сынамақ.

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу:

1-орын – Мұратхан Нәбиғалиев, «Исламтану» мамандығының 4-курс студенті

2-орын – Рамазан Жүсіп, «Исламтану» мамандығының 1-курс студенті

3-орын – Айдос Кубай, «Исламтану» мамандығының 4-курс студенті

Қара сөз сайысы:

1-орын – Жандарбек Жақсанов, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті

2-орын –Алтынбике Тобықбаева, «Исламтану» мамандығының 2-курс студенті

3-орын – Ермек Шыңғыс, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті

Баяндама сайысы:

1-орын – Саиба Мүсіл, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті

2-орын – Ізбасар Салимов, «Исламтану» мамандығының 3-курс студенті

3-орын – Аружан Аманқожа, «Исламтану» мамандығының 2-курс студенті

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру