Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау жарияланды

https://ummet.kz/ 10.12.2019 502 0 пікір
«Тәуелсіздік күніне тілек» атты байқау жарияланды

Тәуелсіздік күніне орай, «Нұр Астана» мешітінің ресми сайты ummet.kz рухани-ағарту порталы үздік құттықтау, тілектерге байқау жариялады.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген халқымыз «Баталы құл – арымайды, батасыз құл – жарымайды», «Атадан бота қалғанша бата қалсын» деп бата-тілектің, жақсы сөздің қадірін парасат биігінде бағамдаған. Осыған орай қастерлі Отанымыздың келешегі мен қасиетті Тәуелсіздігіміздің баянды болмағы, ел-халқымыздың баяшат өмірі үшін айтылған әрбір жақсы сөз дұға есебінде қабыл болатыны анық.

«Тәуелсіздік күніне тілек» деп аталатын байқауға қатысушы үміткер ummet.kz сайтындағы арнаулы бетке өзінің Тәуелсіздік күніне орай, ақжарма тілегін қалдыра алады. Құттықтау сөздерге оқырман қауым лүпіл басу арқылы баға береді. Оқырманның ең көп ықыласына бөленген үздік 3 құттықтауға редакция тарапынан арнайы сый-сияпат бар.

Уақыты 18 желтоқсан күнгі сағат 00:00-ге дейін.

Байқау қортындысы 19 желтоқсанда белгілі болады.

Байқау нәтижесі ummet.kz сайтында қосымша хабарланады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі