Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студенттерге тұғырнама таныстырылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 10.12.2019 2313 0 пікір
Студенттерге тұғырнама таныстырылды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Талшын Қожахметова Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесті.

Жиында жастарға «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасы таныстырылды. Талшын Зарқымқызы өз сөзінде: «Жеті рухани қазық» – адамгершілік құндылықтарды біріктірген бірегей құжат. Осы рухани тұғырнамада көрсетілген ұстанымдарды жастар бойына сіңіре білсе, отаншыл, білімді, әділ болып қалыптасады» дей келе, тұғырнама жайлы кең көлемде баяндады.

Сондай-ақ ол өз сөзінде рухани тұғырнамада көрсетілген білімділік қағидаларына терең тоқталып, жастарға білімнің маңызы туралы насихат айтты. Студент жастар қауымы Т.Зарқымқызына сауал қойып, ой-пікірін айтты. Оқу орнының басшылығы сектор жетекшісіне тәлімдік кездесуі үшін алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру