Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Ауыл имамы «Ай имамы» атанды

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2019 1031 0 пікір
Павлодар: Ауыл имамы «Ай имамы» атанды

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі өңірдегі дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Ай имамы» байқауын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырды.

Бұл жолы Тереңкөл ауданы «Береговой» ауылдық мешітінің имамы Самарбек Совет облысқа қарасты қала, аудан, ауыл имамдары, наиб-имамдары, азаншылары мен ұстаздары арасында өтетін байқаудың қараша айындағы үздігі атанды.

Өткен айда белсенділігімен көзге түскен имамды Тереңкөл ауданының бас имамы Маралбек Уахитов 6 желтоқсан күні Жұма намазында марапаттады. Ол Самарбек Советке арнайы сертификат пен ақшалай сыйлық табыс етті.

Самарбек Совет қараша айында ауыл мешітінде бірнеше шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, 1 қараша күні ауылдық кітапхана қызметкерлерімен кездессе, 5 қарашада мешіт ауласына жаппай тазалық жүргізді. Сондай-ақ мешіттің алқа мүшелерімен кездесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді пысықтады.

12 қараша күні ауылдық мешіттің ұйымдастыруымен елдімекенде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Сондай-ақ тұрмысы төмен және көпбалалы төрт отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. 15 қараша күні ауыл имамы мешітке келген өзге дін өкілдеріне ислам дінін қабылдатып, бірнеше күннен кейін мұсылмандықты қабылдаған өзге дін өкілдерінің некесін қиды.

Сонымен қатар, Самарбек Советтің «Кемел адам болу үшін...» деген мақаласы mazhab.kz сайтында жарық көрді. Ауыл имамын «Ай имамы» атануымен құттықтай отырып, өңірдегі дін қызметкерлерін байқауға белсене қатысуға шақырамыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі