Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мүгедек жандарға үй берілді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2019 3366 0 пікір
Маңғыстау: Мүгедек жандарға үй берілді

«Әр қазақ – менің жалғызым» атты қайырымдылық акциясы аясында «Жас Отан» жастар қанаты және «Үммет жастар» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында екі мүгедек жанға екі үйдің кілті табысталды.

Игі шараға қатысқан Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы: «Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл бар. Алла Тағала Құранда: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят), – деп баяндаған. Ата-бабаларымыз «Ер қолында мал тұрмайды, елек ішінде су тұрмайды» деген екен.

Жомарттық – көркем мінездің бір көрінісі. Жомарттық жасауда адамзаттың абзалы болған пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына жан салмайтын. Алла Елшісі барлық ізгі амалда адамзатқа өшпес өнеге қалдырды. Осынау өнегелі істі, яғни сүннет амалды жаңғыртып жатқан жомарт жандарға маңғыстаулық имамдар атынан айрықша алғыс білдіремін. Алла разы болсын!

Мүфтияттың да сан-салалы қызметінің бірі – қайырымдылық. «Зекет» қорының ұйытқы болуымен 150-ден астам үй мұқтаж жандарға берілді. Бұл бағыттағы игі істер өз жалғасын таба бермек», – деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру