Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ: БҮГІН ЖЕР МЕН КӨКТЕ ҰЛЫ МЕЙРАМ

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 29.11.2019 675 0 пікір
ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ: БҮГІН ЖЕР МЕН КӨКТЕ ҰЛЫ МЕЙРАМ

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті. Игі шараға қатысқан Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушов Қазақстан мұсылмандарын қуанышымен құттықтады.

«Бүгін Сарыағашта қазақ мұсылман бауырларымыз Ислам орталығының ашылуында қуанып жатса, аспандағы періштелер де осында айтылып жатқан мадақ пен шүкірді көкке көтеріп, Жаратқанға жеткізіп жатыр. Бүгін жер мен көкте ұлы мейрам. Алла Тағала қуаныштарыңызды еселесін. Қырғыз халқы сіздердің қуаныштарыңызға ортақ» деді Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушов.

Айта кетейік, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сынып бар. Орталықта 600 бала дәріс тыңдай алады. 69 жатын орынды қамтыған орталықта 1000 адамға арналған асхана салынған.
Ислам орталығының ашылу рәсіміне жер-жерден 10 мыңға жуық адам жиналды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі