Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда облыстық имамдар форумы өтті

Нұрлан САМАТҰЛЫ 29.11.2019 339 0 пікір
Оралда облыстық имамдар форумы өтті

Ақжайық төріндегі Достық үйінде «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты облыстық имамдар форумы өтті.

Игі шараға ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі  Нұрбек Есмағанбет, Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыс имамдары, медресе ұстаздары мен шәкірттері,  ақсақалдар қатысты.

Форумға Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы модераторлық етті. Берекелі басқосу Орал орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлының қасиетті Құран аятын оқуымен ашылып, елордадан арнайы келген Нұрбек  Әуесханұлының бата жасауымен басталды.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы жиналған қауымға құттықтау тілек айтып, форум жұмысына сәттілік тіледі. ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының  рухани тұғырнамасы жайында кеңінен түсіндірсе, Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев діни лауазымдар тізілімі және міндеттерін түсіндіріп берді. Ал Бәйтерек ауданы Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов ҚМДБ дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімін таныстыра келе, Ақжайық төрінен шыққан ойшылдардың ғибратты әңгімелері жайлы баяндама оқыды.

Жиын соңында Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы облыстық имамдар форумының үндеуін жариялады. Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға игі ниетін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі