Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұматай Оспанұлы «Жеті рухани қазықты» жұртқа жеткізудің жолын ұсынды

http://taglym.kz/ 29.11.2019 3278 0 пікір
Жұматай Оспанұлы «Жеті рухани қазықты» жұртқа жеткізудің жолын ұсынды

Талдықорғанда өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық форум жетісулықтарға серпін беріп, терең ойға салғаны белгілі. Олай дейтініміз, «Жеті рухани казық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасында айтылған тұлғалық құндылықтар әр заманда да иісі мұсылманның бойында табылатын қасиеттер.

Форумда сөз алған белгілі ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жұматай Оспанұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынып отырған руханияттың «Жеті рухани қазығы» жалпы барша адамның жан-дүниесінің азығы деп толықтай айтуға болады. «Жеті рухани қазық» атты тұғырнама имамдар үшін ғана керек дүние емес. Бұл сол имамдардың артында тұрған барша жамағатқа өте қажет дүние. Сонымен бірге, бұл құжат 7 тармаққа бөлінгендіктен, әр 49 бағыттағы руханиятты 49 салаға таратып үлкен іс жүргізсе болады деген бағдарлама іспетті.

Имамдардың бір жылдағы апта сайынғы жұмада айтылатын уағызында осы 49 тақырыпты қамтып шықса, жыл ішінде имамдарымыз қаншама кісінің көңіліне сәуле төгіп, жүректегі рухани отын жағар еді. Бүгінгі жиындағы көтеріліп жатқан мәселелерге, толғақты сауалдарға «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы толықтай жауап бере алады» деген ой-ұсынысын бұқара көпшілікке білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру