Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«АДАМЗАТТЫҢ АБЗАЛЫ» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

http://muslim.kz/ 28.11.2019 3664 0 пікір
«АДАМЗАТТЫҢ АБЗАЛЫ» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

ҚМДБ-ның ғимаратында «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы және «Нұр Астана» мешітінің «Қыз Жібек» әйел-қыздар клубының ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани мәуліт кеші болып өтті. 

Құран аяттарымен бастау алған игі шара барысында Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, кеш қонақтарына ғибратты сахналық қойылымдар ұсынылды.

Мәуліт кешіне ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаров пен Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, қари Жұманазар Садырханұлы қатысты. 

Сондай-ақ, Мәуліт айының құрметіне орай Muslim.kz порталы жариялаған #МаулітChallenge игі істер эстафетасында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мараппаталды.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі үмметі үшін мәңгі өшпес шамшырақ іспетті. Ол ақыретке дейін күллі мұсылман қауымының сарғайған сағынышы мен адамдықтың кемел үлгісі болып қала бермек. Кешке жиналған жұртшылық осы бір үзік сырға куә болып қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру