Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші өтеді

http://muslim.kz/ 20.11.2019 1053 0 пікір
Елордада «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші өтеді

Адамзаттың абзалы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз туған Мәуліт айының құрметіне орай 24 қараша күні «Астана» концерт залында «Ғаламның рақым нұры» атты рухани кеш өтеді.

ҚМДБ нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Мәуліт мерекесінде Хақ Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар жолданып, екі дүние сардарының сүннеті мен өсиеті жаңғыра түсетін болмақ. Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін берекелі кеш барысында тағылымды әндер мен терме тыңдап, арнайы қойылым тамашалауға болады.

Мейірім мен махаббаттың қайнар бұлағы болған Ұлы шапағатшы, адамдардың мырзасы, Пайғамбарлардың сұлтаны – Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесінен сусындап, өмірлік азық алғыңыз келсе, Мәуліт кешіне келіңіздер!

Басталуы: 24 қараша, сағат 11.00-де.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы (бұрынғы Конгресс холл)

Билеттерді елорда мешіттерінен сатып алуға болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі