Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдарының ІІІ аймақтық форумы өтті

http://muslim.kz/ 12.11.2019 599 0 пікір
Елорда имамдарының ІІІ аймақтық форумы өтті

Елорда төрінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ аймақтық имамдар форумы өтті. 

Жиынға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз және бөлім меңгерушілері, Нұр-Сұлтан қаласының діни қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қасиетті Құран аяттарымен басталған форум жұмысына ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы модераторлық етіп, басқосудың маңыздылығын атап өтті.

Ел бірлігін көздеген алқалы жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы, қоғам қайраткері Жабал Ерғали, Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, педагогика ғылымының кандидаты Жабай Қалиев арнайы қатысып, маңызды баяндама жасады.

ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасындағы асыл қасиеттер айтылып, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына тигізер үлесі жайында кеңінен талқыланды. Ел ағалары осы бағыттағы сауапты істердің жаршысы болуға шақырып, елордалық имамдарға сенім білдіріп, аманат жүктеді.

Алқалы жиын аясында ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған қос құжат жайында да арнайы баяндамалар жасалып, елорда имамдарының біліктілігін арттыра түсті.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Діни білім және діни кадрлар даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев «Діни рәсімдер тізілімі» және «Діни лауазымдар тізілімі» құжаттарын таныстырып, форум қатысушыларына толықтай мәлімет берді.

Форум соңында арнайы Үндеу қабылданып, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы қатысушыларға ізгілікке үндеген үндеу мәтінін оқып берді.

Жиын суреттерін «Фоторепортаж» айдарынан көруге болады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру