Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құтқарушылар 88 жастағы қарияны ажалдан аман алып қалды

kazislam.kz 12.11.2019 2354 0 пікір
Құтқарушылар 88 жастағы қарияны ажалдан аман алып қалды

Қызылордалық құтқарушылар пәтерінде тайып құлап, жарақат алған 88 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды. Әлеуметтік көмек көрсету қызметкері 88 жастағы қарияның пәтерінің есігін ашпай жатқандығы жөнінде 112 нөміріне хабарласқан.

Жедел құтқару жасағының мамандары дереу іске кірісіп, үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірген.

«Құтқарушылар пәтер ішіне кіргеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталды. Қария ас бөлмеге кіре берісте аяғы тайып құлаған. Содан кейін өз бетінше тұра алмаған. Апаттар медицина орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қарияны ауруханаға жеткізді», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру