Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: «Адамзаттың асылы» атты мәуліт кеші өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.11.2019 2582 0 пікір
Семей: «Адамзаттың асылы» атты мәуліт кеші өтті

ҚМДБ Семей өңірі бойынша "Әйел - қыздар" секторының меңгерушісі Тұрлықожанова Динараның ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы» атты мәуліт кеші өтті.

Кешті құттықтау сөзімен ашқан ҚМДБ Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Мұқанов: «Адамдарды ізгі амалдар жасауға, ауызбіршілікке насихаттау сауапты іс. Мәуліт өткізудегі мақсат Пайғамбарымыз сасыл ғұмырын,өшпес өнегесін тағы бір ой тізбегінен өткізу. Бірақ бұл бір күнмен ғана шектеліп қалмауы керек, Алла Елшісінің сүннетін бойымызға сіңіре білуіміз қажет»,- деді.  

Мәуліт кеші мешіт шәкірттерінің қатысуымен «Пайғамбарға хат» және «Сағыныш» атты тәрбиелік мәні зор көріністер мен қойылымдарға толы болды. Хакім Абай мен Шәкәрім Құдайбердіұлы ақындардың даналыққа толы өлең жолдары мен қара сөздерін оқыды. Өсиет пен нақыл сөздерге толы болған «Насихат» термесі айтылды.

Келген қонақтар Алла елшісі жайлы, оның көркем мінезі, ғибратты ғұмыры мен адамзат үшін атқарған зор еңбегі жайлы мол мағлұмат алып, рухани әсер алып қайтты.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру