Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Имамдар форумда қабылданған құжаттарды талқылады

mazhab.kz/ 11.11.2019 318 0 пікір
Павлодар: Имамдар форумда қабылданған құжаттарды талқылады

«ERTIS» телеарнасындағы «1 студия» бағдарламасы кезекті көрсетілімін «Имам – діннің айнасы» деген тақырыпқа арнады. Телебағдарламаға «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратов, Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамыӘбілқайыр Қылышев, Лебяжі ауданының бас имамыМақсат Ибраев және Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Біржан Әкімбеков қатысып, көрермендермен ой бөлісті. Бағдарламаны белгілі журналист Қуандық Танабас жүргізді.  

Бағдарламада ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар талқыланды. Имамдар «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі және ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі секілді құжаттарды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, бағдарлама тікелей эфирде өткендіктен, көрермендер тарапынан көп сұрақ қойылды. Имамдар сұрақтардың бәріне толық жауап беруге тырысты. 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі