Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола облысы: Вице-министр мешітте болып, өңірдегі діни жағдаймен танысты

ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша баспасөз қызметі 11.11.2019 2574 0 пікір
Ақмола облысы: Вице-министр мешітте болып, өңірдегі діни жағдаймен танысты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Үкімет мүшелерінің Ақмола облысына сапары кезінде Науан хазірет орталық мешітінде болып, өңірдегі діни бағыттағы жұмыстармен жан-жақты танысты.

Облыс имамы Қуаныш Сәбит Ақмола облысындағы мешіттер мен діни қызметкерлер туралы ақпарат беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Имамдармен кездесу барысында вице-министр баршаның назарын еліміздегі ұлттық және діни құндылықтарды жаңғырту бағытындағы мемлекет ұстанымын зерделеп айтып берді. Бұл ретте ислам дінінің қоғамымыздағы ынтымақты жарастырып, бірлікті нығайтуға мол ықпал ету керектігін атап көрсетті.

Діни қызметкерлер осы ортақ мүддеге жан-тәнімен қызмет етуі маңызды екені айтылды. 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру