Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наурызбай қажы Тағанұлы «Әлжан ана» мешітінде жұма уағызын өткізді (ФОТО)

muslim.kz 11.11.2019 399 0 пікір
Наурызбай қажы Тағанұлы «Әлжан ана» мешітінде жұма уағызын өткізді (ФОТО)

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әлжан ана» мешітінің жамағатымен жүздесіп, сауапқа толы жұма намазын бірге өтеді. Ардақты Алла елшісінің (Алланың Оған сәлемі мен игілігі болсын) ғибратқа толы ғұмыры мен өлмес өнегесі жайлы көркем насихат айтып, жамағат жадына Әз пайғамбардың өсиеті мен сүннеттерін сіңіре түсті.

Намаз соңында жамағатпен бірге қол жайып, елге тыныштық тілеген Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы бұдан кейін «Астана» медресе-колледжінің қыздар бөлімінің жағдайымен танысып шықты. Медреседегі шәкірт қыздармен кездесіп, оқу барысынан хабардар болды.

Айта кетейік, қыркүйек айында «Әлжан ана» мешіті жанынан «Астана» медресе-колледжінің қыздар бөлімі ашылып, 21 шәкірт қабылданған болатын.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру