Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда "Күнгей" мешіті ашылды

ҚМБД-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 11.11.2019 4385 0 пікір
Қарағандыда "Күнгей" мешіті ашылды

Мешіт салу және оның қатарын арттыру сауапты іс деп таныған кәсіпкер азамат Алтай Оралтайұлы 2018 жылдың қасиетті рамазан айында алғашқы қазығын қаққан күннен бастап, тынымсыз еңбектің арқасында араға бір жыл салып 2019 жылдың Мәуліт айында мешіт құрылысын аяқтады.

Мешіттің ашылу салтанатына Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Бексұлтан Құдайберген және қала, аудан имамдары мен қала тұрғындары қатысты. Күллі мұсылманның қуанышы болған салтанатты рәсімде бас имам қаламыздың шағын ауданын жаңа мешітпен толығуымен құттықтап сөз сөйледі. Елім деп еміренетін Алаш азаматтарының қатарының артуын және елдің есендігін басты мұрат санайтын саналы ұрпақтың салауаттылығын сөз еткен бас имам мешіт салған Алтай Оралтайұлына алғыс хат табыстап шапан кигізіп, анасына қамқа киім кигізіп құрмет көрсетсе, Арқа азаматтары ата-баба дәстүрін жаңғыртып атпал азаматқа ат мінгізді. Ұлт пен халық қамын ойлауды қанына сіңіріп, ұлағатты тәрбие берген Алтайдың анасы Гүлнәр Қыдырманқызы жиналған халыққа аналық ақ тілегін айтты. Қалалық мәслихат төрағасы Бексұлтан Құдайберген елдің қуанышына ортақтасып, ізгі ниетін білдірді. Ақсақалдарымыздың ақ батасымен ашылған Күнгей мешітінде алғашқы жұма намазының алдында бас имам "Екі дүние сардары" тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен намаз оқылды. Жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығымен осы мешітке тағайындалған бұған дейін облыстық "Әнет баба" мешітінде наиб имам қызметін атқарған "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абрахман Ысқақ Рахымбекұлын таныстырды. Жұма намазы аяқталған соң мерейлі күнге жиналған халыққа арналып мешіт ауласында ыстық тағам таратылып, іргелес дәмханадан қосымша ас берілді. 




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру