Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзен: Бас имам ақсақалдармен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 08.11.2019 3724 0 пікір
Жаңаөзен: Бас имам ақсақалдармен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласындаға «Ардагерлер үйінде» ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізді. Кездесуге Жаңаөзен қалалық орталық мешітінің бас имамы Маманбаев Қайрат, Әбіш Қожа мешітінің бас имамы Абдалиев Құрманбек қатысты  

«Жасы үлкен қарттарды: шал, қария, ақсақал, абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ қасынан ұзап шыға алмай, түтінін аңдып, үй аралап, өсек айтатын қартты – шал. Өз әулетіне шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізетін қартты- қария деп, тұтас бір ауылдың жоқ жітігін түгендеп, жыртығын бүтіндеп, азаматын атқа мінгізіп, айдынын асырып отыратын қартты- ақсақал деп, бүкіл елдің сөзін сөйлеп, намысын жыртып, дау – дамайын шешіп, арғы бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты – абыз деген»,- деп Бауыржан Момышұлы атамыздың дана сөздерімен сөз бастаған Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы елдің қамын, ауызбіршілігін ойлап бас қосуға келген барлық ақсақалдарға ең бірінші алғысын білдірді.

Алдымен бас имам форумда қабылданған құжаттарды таныстырып, әр құжатқа жеке – жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді.

Сонымен қатар жиында садақа өткізуде ысырапшылдыққа, бәсекелестікке жол бермеу керектігі , ырыммен діннің ара жігі ажыратылып айтылып, жаназа намазын діни басқарма бекіткен пәтуа бойынша жерлеу керектігіне тоқталды.

Жаңаөзен қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Бекмағанбетов Қуандық ақсақал бас имамның насихатын қолдай отырып, садақа бірізділікке түсуіне ықпал ететінін, жаназа намазымен жерлеу рәсімдері шариғатпен орындалуын қадағалайтынын айтып, «Рухани жеті қазық» Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын халық арасында кеңінен насихатталуына уаде берді.

Жиын соңында ақсақалдар қауымы Қызылсай елді мекенінде өртенген үйдің отбасына дұға тілеп, сабырға шақырды.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру