Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Вице-министр «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде кездесу өткізді

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі 08.11.2019 2901 0 пікір
Павлодар: Вице-министр «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде кездесу өткізді

8 қараша күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде болып, қала имамдарымен кездесу өткізді.

Вице-министр имамдардың қазіргі уақытта жүргізіп отырған жұмыстарын жоғары бағалап, назар аударуға тиіс басым бағыттарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың маңыздылығына тоқталды. Марат Әзілханов жат ағымдармен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, имамдар басымдық беруге тиіс бағыттар жайында әңгіме қозғады.

Сондай-ақ вице-министр имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру