Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыстың имамдары сынақ тапсырды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 07.11.2019 3586 0 пікір
Шығыстың имамдары сынақ тапсырды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмасымен имамдардың біліктілігін сараптау мақсатында Өскемен аймағының имамдары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аттестациядан өтті. 

Атестация комиссиясының құрамында Бас мүфтидің кеңесшісі Б.Мекежанов, ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің басшысы Н.Есмағанбет, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы С.Шоқанов қатарлы бөлім басшылары болды.

Комиссия мүшелері өңір имамдарының білімімен біліктілігін сараптады. Имамдар Құран мен ақида және фиқһ ілімдерінен сынақ тапсырды. Сонымен қатар ҚМДБ қабылдаған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ-ның қызметкерлерінің этикасы» және діни қызмет туралы заңдардан білімдерін сараптады. Аттецтасия тест түрінде және ауызша екі нұсқада жүрілді.

Сынақ туралы: «Заман талабына сай имамдарымыз бен барша діни қызметкерлеріміз жан-жақты білімді, болуы шарт. Олар Құран мен шариғат ақида фиқһ және ҚМДБ-ның негізгі құжаттарын жеттік меңгеріп, талаптарға сай болуы тиіс. Рухани кемелдік арқылы ел тыныштығы мен бейбітшілігіне үлес қосып, болашаққа терең із қалдыруымыз керек» деп атап өтті, сараптама комиссиясының мүшесі, ҚМДБ шариғат, пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай қажы Құрбанұлы. 

Өскемен өкілдігі аттестацияға тыңғылықты әзірлік жасап, жоғарғы деңгейде ұйымдастырды.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру