Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Білімді мыңды жығады

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.10.2019 2672 0 пікір
Қызылорда: Білімді мыңды жығады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы аудандық "Жанқожа батыр" орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Білімді мыңды жығады!" атты топтық білім сайысы болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылордадағы жауапты өкілі О.Жидебаев, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Ш.Садуов қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Шәкірттер арасында өткізілген интеллектуалды жарысқа аудандағы бес мешіттің шәкірттері қатысып, білімдерін ортаға салды.

І-«Ақида», ІІ-«Фиқһ», ІІІ-«Сира» кезеңдері бойынша сайысқан командалық ойында  әділқазылар алқасының бағалауына сәйкес, жүлделі І-ші орынды "Нұралы" мешітінің намысын қорғаушы топ қанжығасына байласа, ІІ және ІІІ-орындар "Қожаназар ишан" мен "Жанқожа батыр" мешіттерінің шәкірттеріне бұйырды.

Тартысқа толы жарыс соңында жеңімпаздар қаржылай сыйақылармен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру