Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рудныйда қасапшылық жайлы семинар өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.10.2019 2421 0 пікір
Қостанай: Рудныйда қасапшылық жайлы семинар өтті

Жуырда Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар болып өтті.

Бұл басқосуда аталмыш мешіттің наиб имамы Ерлан Өмірбекұлы қасапшылыққа қатысты дініміздің қағидаларын, сойылатын мал жайлы жан-жақты түсінік берді.

Сондай-ақ семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арнайы дайындалған «Қасапшы жадынамасы» мақалалары арқылы дәріс оқылды. Жалпы, қасапшылық жөнінде қойылған барлық сауалдарға жауап берілді.

Кеншілер шаһарында ұйымдастырылған семинардың жиналған мұсылмандар қауымына берері мол болды. 




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру