Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әнуар Ізімбайұлы: Тізе бүгіп, бірлесе қызмет етуіміз тиіс (ФОТО)

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.10.2019 3678 0 пікір
Әнуар Ізімбайұлы: Тізе бүгіп, бірлесе қызмет етуіміз тиіс (ФОТО)


ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ​ Маңғыстау облысы бойынша Бас имам болып тағайындалған Әнуар Ізімбайұлы мешіт қызметкерлерімен алғашқы кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Ә.Ізімбайұлы мешіт ұжымын осы күнге дейін Маңғыстау облысының Бас имамы қызметін атқарып келген Смайыл қажы Сүйерқұлұлының алты жылға жуық сүбелі еңбегін тілге тиек ете келе, алдағы уақытта бірлесе қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, мешіттің наиб имамдары, ұстаздары, азаншы, молдалары, бас есепшісі, тазалықшы, т.б. қызметкерлердің жұмыстары қайта пысықталды.

Бас имам дінге қызмет етудің мәртебесіне айта келе, күн тәртінде тұрған өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның жоспарлы төрт бағыттағы жұмыстарының әрқайсысына жеке тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

«Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 2-аятында: «...жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер», – деген. Халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханов: «Ұлық іс ұсақтан ұлғаяды. Кірпіш зор емес, қаласаң қандай зор үй шығады. Шөпшектеп жиып шөмеледей илеу істейтін құмырсқаны көрмейміз бе? Қазақ баласы бірігіп, іс қылса халықтық мақсат сонда орындалады», – деген. Ендеше, баршамыз елдің ертеңі үшін бірлесе қызмет етуіміз керек», – деп атап өтті Бас имам Әнуар Елжанов.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру