Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Қала мешіттерінің қатары толықты

asyldin.kz 21.10.2019 2951 0 пікір
Тараз: Қала мешіттерінің қатары толықты

Бүгін Шу қаласынының Батыс мөлтек ауданында келбеті келіскен «Кәрібай молда» мешіті өз жамағатына есігін айқара ашты.

Көптің көмегімен біткен берекелі орданың ашылуына Жамбыл облысы бойынша ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы келіп, ашылу рәсіміне қатысты.

Қасиетті Құран оқылуымен басталған шараға, құтты болсын айтып, қуанып келген жамағаттың қатары көп болды. Республикалық мәндегі жолдың бойында орын тепкен бұл мешітке қиын қыстау кезеңде дін үйретіп, ұстаздық еткен Кәрібай молданың есімі берілді. 

Ашылу салтанатына келген Кәрібай молданың ұрпақтары, көзін көрген кісілер сөз алып, баталарын берді. 

Өкіл имам Қанат Әділханұлы  жамағат алдында сөз сөйлеп, мешіт салудың сауабы жайында уағыз айтты. Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен осы мешіттің имамы болып тағайындалған  Нұрлан Қалиевты таныстырып, Құран Кәрім табыс етті.  

Мешіттің лентасын қию рәсімінен соң жамағат мешіттегі алғашқы намазын оқыды.  Одан бөлек, осы шарада гір тасын көтеру, қой көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтіп, жиылған жұртқа ас берілді.

«Кәрібай молда» мешіті қаладағы 4-ші, аудандағы 28-ші мешіт болмақ. Осы арада Тоғай мөлтек ауданында жамағат жаңа мешіттің құрылысын бастап кеткенін айта кеткен жөн.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру