Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетіндегі дөңгелек үстел

nmu.kz 18.10.2019 2857 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетіндегі дөңгелек үстел

«Діндер арасында татулық, рухани келісім қаншалықты мүмкін?» деген сауалдар Нұр-Мүбарак университетінің дінтанушы магистранттары мен ғалым-оқытушыларын дөңгелек үстел басына жиды. Мемлекет дамуына тікелей ықпалды осындай мәселелерді Рухани келісім күніне орай ұйымдастыруды дәстүрге айнылдырған «Дінтану» кафедрасының магистранттары бүгінгі қоғамда өзекті тақырыптар аясында баяндамалар жасады. «Рухани келісім – ел ауызбіршілігінің ұйытқысы», «Діни татулық – мемлекеттің басты ұстанымы», «Ислам – бейбітсүйгіш дін» деген тақырыптар көпшіліктің талқысына түсті. Одан өзге арнайы жасалған бейнебаян, ислам және православ дін өкілдерінің бейнеқұттықтаулары  ұсынылды.



Тақырыптарды талқылай келе проректор, доцент Қайрат Құрманбаев «Жалпы адамзат, қоғамда діни тұрғыдан бірігу мүмкін емес, тіпті бір діннің аясында бір-бірін мойындамай жатқан топтарды көреміз. Сондықтан қоғам тыныштығы ортақ адами құндылықтар негізінде бірігу арқылы сақталады»,-дей келе бұл мәселеге Құран аяттарынынан да мысалдар келтіре кетті.

Ал дінтанушы PhD доктор Мұхан Исахан ең алғашқы Ислам мемлекеттілігінің пайда болуы мен қалыптасуында 622 жылы қабылданған «Мәдина конституциясының» тақырыпқа қатысты  қыр-сырына тоқталды. Ал  филос.ғ.к., доцент Базар Хамзеева мұндай тағылымды жиындардың тек кафедра деңгейінде ғана емес, университеттегі өзге де студент, магистранттар үшін маңызы зор, дегенмен әлі де пысықтайтын тұстары бар екеніне қатысты пікірін жеткізді.


Оқу-әдістемелік басқарма басшысы  Жалғас Сандыбаев дөңгелек үстелдің  Рухани келісім күніне сай мазмұнды өткеніне тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ал модератор Жандәулет  Сүлейменов бұл бастаманың ары қарай жалғасын табу үшін бірінші курс магистранттарына бейбітшілік символы көгершін мен аманат хатын табыс етті.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру