Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАН: РАНТ ӨКІЛІ СТУДЕНТТЕРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.10.2019 2941 0 пікір
ТҮРКІСТАН: РАНТ ӨКІЛІ СТУДЕНТТЕРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Қ.Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ студенттерімен кездесті. Жастарға имандылық, көркем мінез, бауырмалдық, бейбітшілік, білімді болу сынды тақырыптар түгел қамтылып, насихат айтылды. Ұстаздың рухани әңгімесіне университет басшылығы ризашылығын білдіріп, қазақы салтпен шапан жауып құрметтеді.

Айта кетейік, бұл осымен үшінші рет өткізіліп отырған жүздесу. Бұған дейін РАНТ мүшесі Абдуғаппар Сманов та түркістандық жастармен басқосқан болатын. Мазмұнды мәслихатқа ұйытқы болған Түркістан облыстық өкілдігі мен қалалық орталық мешіт ұжымына университет тарапынан "Рухани келісім" күніне орай алғыс хат табысталды. 









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру