Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасымен республика аймағында қайырымдылық мекемелері ашылып жатқаны бәрімізге мәлім. Жетісу жерінде түңғыш рет қарилар даярлау орталығы болып саналатын ҚМДБ-ның “Талдықорған” жеке қайырымдылық мекемесі жуырда ғана өз есігін айқара ашты.
ҚМДБ-ның "Халықаралық қатынастар және хаттама" бөлімі меңгерушісі Оңғаров Ершат Ағыбайұлы қайырымдылық мекеменің жұмысымен танысу үшін арнайы ат басын тіреді. Орталықта оқып жатқан болашақ хафиздардың оқу барысымен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы таныстырды.
ҚМДБ бөлім басшысы болашақ қариларға Құран жаттаудың қыр-сыры туралы құнды насихатымен бөлісіп, оқуларына сәттілік тілеумен батасын берді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру