ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілдігі мен Алматы қаласы әкімдігі, дін істері басқармасының ұйымдастырумен жаз маусымында бастау алған қала мешіттерінің жамағаты арасында ұйымдастырылған футбол турнирі өз мәресіне жетті. Турнирге қатысқан командалар саны 403-ті құрады. Төрт айға созылған іріктеу кезеңінен сегіз команда сүрінбей өтіп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Атап айтсақ, Ұлжан (Алатау ауданы), Ақсай (Әуезов ауданы), Төле би (Алмалы ауданы), Бәйкен (Бостандық ауданы), Әмин (Жетісу ауданы), Әлмерек (Түрксіб ауданы), Әл-Хамид (Медеу ауданы), Қалқаман (Наурызбай ауданы) мешіт командалары. Нәтижесінде, үшінші орын үшін өткен ойында Ұлжан мен Әл-Хамид мешітінің футболшылары кездесіп, 3:1 есебімен Медеу ауданының Әл-Хамид мешіті жеңіске жетті. Ақтық бәсекеде Қалқаман және Төле би мешіттерінің командалары жолықты.
Тартысты өткен шешуші ойында Алмалы аудандық Төле би мешіті 4:2 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз болған Төле би мешітінің жамағаты бас жүлдеге тігілген 1 000 000 теңгені ұтып алды. Жеңіс тұғырына көтерілген командаларды ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Ақбердіұлы және Алматы қаласы дін істері басқармасы басшысы Айдар Рахымжанұлы марапаттады.
Бұл шара жамағаттың ауызбіршілігін арттыруда, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауда орны ерекше. Себебі, Ардақты пайғамбарымыз «Алла Тағалаға күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда әлдеқайда қайырлы әрі сүйікті» - деген болатын. Сол себепті де турнирге қаладағы 49 мешіттің жамағаты қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
28.11.2017
3539
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру