Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жеңімпаздар анықталды (ФОТО)

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 28.11.2017 3566 0 пікір
Жеңімпаздар анықталды (ФОТО)

Адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туылған күні Мәуліт мерекесіне байланысты облыстық Орал орталық мешітінде жамағат арасында «Ұстаз бен ілімге деген шәкірттің құрметі» тақырыбында интеллектуалды білім сайысы болып өтті.

Білім сайысына төрағалық еткендер облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Сабралиев, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің наиб Әсет Раманқұлов, қордық төрағасы Ержан Жұмағожиев.

Дана халқымыз «Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады» деген. Осыдан-ақ, білім өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем екендігін ұғынғандай боламыз. Аталмыш білім сайысына талабын ұштап, үмітін үкілеп келген жамағатқа ақжарма тілегін ақтарып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығуына ақ жол айтқан облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Сабралиев сайыстың шымылдығын ашты. Айтулы білім мен біліктілік сайысына мешіт жамағаты арасынан 51 үміткер қатысты

Сөйтіп, қызықты, тартысты өткен сайыс мәресіне жетті. Бірінші орынды Жайлаубек Ақмұқанов (ноутбук) жеңсе, ал екінші орынды Ерлан Қайыров (ұялы телефон), үшінші орынды Ерқанат Аманов (планшет) иеленді. Байқауға қатысқан барлық үміткерлер ынталандыру сыйлығымен марапатталып, бір серпіліп қалды.

 

 

 

 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру