Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Ханафи мәзһабының ерекшеліктері мен қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша экстремизмнің алдын алу бағытында студенттермен кездесу болып өтті.
Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі, «Хикмет» телерадиостудиясының жетекшісі Ерболат Айтбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы, дінтанушы Асылтай Тасболат, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасының доценті, философ.ғ.к. Кеңшілік Тышхан қатысты.
Кездесу барысында қонақтар Ханафи мәзхабының ерекшеліктері мен жат ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша дәріс оқып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, ресми сайттар мен әлеуметтік желілер таныстырылып, экстремизм мен лаңкестіктің қатері туралы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына кезек беріліп, түйткілді тақырыптардың түйіні тарқатылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2017
3814
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру