Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БОЛАШАҚ ҚАРЖЫГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

www.muslim.kz 17.11.2017 3463 0 пікір
БОЛАШАҚ ҚАРЖЫГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

16 қараша Астана қаласындағы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен Қаржы академиясы колледжінің сутденттерімен кездесу болып өтті. «Жастар арасындағы дін мәселелері бойынша іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасы аясында өткен кездесу жұмысына республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет пен ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі, «Хикмет» телерадиостудиясының жетекшісі Ерболат Айтбайұлы қатысып, діни экстремизм бен терроризмнің алдын алу бағытындағы дәріс-насихат жүргізді.

Айта кетейік, аталмыш жоба мақсаты жастар арасындағы діни сауаттылық деңгейін арттырып, ел арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу және мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді насихаттау болып табылады.

Кездесу барысында теріс діни ағымдар сипаты жайлы, оларды анықтап, сақтана білу жолдары, діни ақпарат алудағы қауіпсіздік шаралары жан-жақты жеткізіліп, студенттер сауалына толыққанды жауап қайтарылып отырды. Сондай-ақ, «Хикмет» телерадиостудиясында арнайы әзірленген әлеуметтік роликтер көрсетіліп, студенттер үшін маңызды ақпараттар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру