16 қарашада ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарын қатыстырумен операцияны іске асырды, оның шеңберінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Көрсетілген адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және әлеуметтік желілерде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан.
Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.
Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
baq.kz
17.11.2017
4168
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру