ОҚО, Сарыағаш аудандық орталық мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Инабатты келін - иман ошағы» атты келіндер арасында сайыс өтті.
Әуелі ауданның бас имамы Берік Қалдаров дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып уағыз айтып, сайысқа түсетін келіндерге сәттілік тілеп, бата берді. Жарыста төрт келіндер тобы бақ сынады. Біріншісі, Сарыағаш орталық мешітінің сауат ашу курсының келіндерінен құралған «Інжу» тобы, екіншісі, Өзбек ұлтының келіндері біріккен «Һілал» тобы болса, үшінші, Жаңаарық елдімекенінің келіндері күш біріктірген «Жансұлу» тобы мен төртінші, Сарыағаш орталық мешітінің сауат ашу курсының келіндері «Көзайым» тобы.
Сайыста келіндер салт-дәстүрге сай әрбір ұлт өзінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын дайындады. Келіндерге ата-енені құрметтеу, күйеуіне бойұсыну жайында сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, қамыр жаю, тұшпара түю, сан түрлі салаттар дайындаудан додаға түсті. Әділ қазы әжелер келіндердің бағасын берді.
Бас жүлде мен «Өнегелі келін» номинациясын Сарыағаш орталық мешітінің сауат ашу курсының «Көзайым» келіндер тобы иеленді. Бірінші орынды Өзбек ұлты «Һілал» тобының келіндері «Зерек келін» номинациясымен иемденді. Ал екінші орынды Сарыағаш орталық мешітінің сауат ашу курсының «Інжу» келіндер тобы «Ибалы келін» номинациясымен қанжығасына байласа, үшінші орын Жаңаарық елдімекенінің «Жансұлу» келіндер тобына «Саналы келін» номинациясы бойынша бұйырды. Сайыс соңында келіндерге сый-сияпаттар берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО, Сарыағаш орталық мешітің баспасөз қызметі.
17.11.2017
8259
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру