
2 қараша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы №651 қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды.
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.
1995-2000 жылдары - «саясаттану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)
2000-2005 жылдары - «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант.
2005-2006 жылдары - Алматы қ. әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы.
2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2009-2011 жылдары - Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры.
2011-2016 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі, меңгеруші орынбасары, меңгерушісі болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
ҚазАқпарат
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.11.2016
3558
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру