Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ардагерлер лаңкестік пен экстремизмге қарсы

03.11.2016 3446 0 пікір

2 қараша күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет облыстық ардагерлер үйінде «Облыстағы ардагерлер ұйымының лаңкестік және экстремизммен күрес жұмысы» тақырыбындағы семинар кеңеске қатысты.

Аталмыш шараға облыстағы қалалар мен аудандардағы ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Дін істері жөніндегі басқармасы және орыс православиесінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, осынау басқосуда сөз сөйлеген азаматтар қазіргі таңдағы қалың жұртшылықты толғандырып отырған өзекті тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салып, оның аса маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде өкіл имам дәстүрлі Ислам дінідегі теріс ағымдардың зардабы және олармен өткізіліп жатқан жұмыстар бойынша тоқталып өтті және ардагерлер кеңесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған «Дін мен дәстүр» және «Пәтуалар жинағы» кітабын сыйға тартты.

 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы 
өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру