«Науан Хазрет» мешітінде Діни басқармадан келген арнайы комиссия Ақмола облысының әр деңгейдегі мешіттерінің имам-молдаларынан сынақ алуда. Бұл шара ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен өткен семинар жұмысы арқылы бастау алды.
Комисия төрағасы имам-молдаларға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің ыстық сәлемі мен тапсырмаларын жеткізді. дәріс оқып, еліміздегі діни ахуал жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Діни басқарманың атқарып жатқан жұмыстарын да тілге тиек етіп, діни қызметкерлерге жүктеліп отырған жауапкершілік жайлы айтып берді.
Бұл жолғы сынаққа облыс бойынша барлығы 130-дан астам дін қызметкерлері қатысады деп күтіліп отыр. "Дін адамының бет-бейнесі қандай болу керек?" – деген сауал ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Әсіресе, бүгінгідей діни экстремизм өршіген тұста дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтарын насихаттау имам-молдаларға да келелі міндеттер жүктейді.
Ақмола облысының бас имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, бұл сынақ имам-молдалардың «ҚМДБ-ының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті» және «ҚМДБ-ы қызметкерлерінің этикасы» деген бағдарламалық құжаттарында айтылған қағидаларды қалай білетіндігін анықтауға да мүмкіндік береді. Сонымен бірге, дін мен дәстүрдің біте қайнасқан құндылықтарынан да дін адамдарының хабардар болуы аса маңызды болып табылады.
Бақыт Смағұл,
Ақмола облысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.11.2016
3328
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру