
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Әйелдер-қыздар секторының Алматы қалалық жауапты мүшесі Маржанқыз Ахметова қалалық «Орбита-3» мешітінде әйелдер жамағатымен кездесті. Ұйымдастырылуына аталған мешіттің ұстаздары Қалиасқарова Жұлдыз және Қасымова Анар мұрындық болған кездесуде бүгінгі күннің ең басты проблемаларының бірі «Отбасындағы әйелдің орны» тақырыбы көтерілді. Ахметова Маржанқыз аталған тақырыпта лекция оқып, қоғамда орын алып жатқан проблемаларды шешудің шариғат тұрғысынан тетіктері жайлы уағыздады. Сондай-ақ, арнайы білімі бар психолог маман әйелдерге өзін-өзі дамыту тақырыбында дәріс өткізді. Кездесудің соңында сұрақ-жауап викторинасы ойнатылып, өзекті сұрақтар жауаптандырылды.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2016
4113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру