Жұма намазында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Нариман Ермекұлы сауапты амалдар туралы кең көлемде уағыздар айта келе жамағатты мешіттер маңына әртүрлі жеміс ағаштарын отырғызуға шақырған еді. Осыған орай мешіт жамағаттары қазіргі күздің соңғы айында егуге болатын ағаш түрлерінен әкеліп қаладағы мешіт аулаларына отырғыза бастаған болатын.
«Бұл бастама қалалық «Бижан», «Ақмешіт» мешіттерінің ауласына және осы дүйсембі күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласына алма ағашы, үйеңкі ағаштарының көшетін отырғызумен жалғасуда. Алдағы сенбі, жексенбі күндері әлі де жалғасын табатын болады»,- дейді наиб имам Хасан Ташайұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2016
3605
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру