
30 қазан күні «Иманғали» орталық мешітінде айлық отырыс болып өтті. Соңғы жылдары ай сайын дәстүрлі түрде үзбей өткізіліп келе жатқан аталған басқосу бұл жолы «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылды.
Құптан намазынан кейін жайылған дастархан басында бас имам Батыржан қажы Берденұлы бастап сөз алып, алыс-жақын жамағаттың басын қосқан айлық отырыстың маңыздылығын айтып өтті.
Сондай-ақ, дінтанушы-теолог Мейіржан Рахматулла Ислам дініндегі сабыр мәселесіне тоқтала келе, «Сабыр – бес парыз секілді арнайы бекітілген құлшылық қимылдары болмаса да, Алла Тағала алдындағы сынақ алаңында сынға түсер ғибадат түрі. Алла Тағала пендесін жақсы көрген нәрселерімен сынайды. Бұл сынақтан Алланың ең сүйікті құлдары пайғамбарларымыз да шет қалмаған. Айталық, Әйуб пайғамбардың (ғ.с.) ұзақ жылдар бойы денесін кеулеген ауруға шыдас беріп, Алланың разылығы жолында Жаратушы әмірін сабырмен қабылдауы, туған ұлын құрбандыққа шалуға дейін барған Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) сабырлылығы – күллі адамзат баласына үлгі боларлық сабыр болмысының символы іспетті», - деді.
Сонымен қатар осы жамағат бас қосқан дастарқан мүмкіндігін пайдалана отырып бас имам Атырау қаласында кезінде мешіт тұрғызған, бүгіндері облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып жүрген Дүйсен қажыға дін жолындағы ерен еңбектері үшін және де мешіттің шатырларының құрылыстарына қолын созып қолдау білдіргені үшін қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, алғысын білдірді.
Жиын соңы еркін пікір алмасуға ұласып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2016
3244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру