Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти: Жастар өркениет жалғастырушысы болуы керек

01.11.2016 3515 0 пікір

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы – еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін көтеруге арналған үлкен білім мекемесі.

Аталмыш академияның Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты «Жастар кадрлық резерві» жобасының қатысушыларына семинар ұйымдастырып, арнайы дәріс оқуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлын шақырды.

Жоба қатысушыларының жеке тұлғалық және кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпалдасу мақсатында қолға алынған семинарда наиб мүфти Н.Тағанұлы «Дін және жастар» тақырыбында дәріс оқыды. Наиб мүфти өз сөзінде бүгінгі қоғам мен жастардың тығыз байланысын, ел дамуына үлкен үлес қосуы тиісті әрі міндетті жастардың қоғамдық жұмыстарда белсенді болуы керектігін айтып өтті.

«Қазір білім мен ғылым дәрежесімен, өркениет өлшемімен ғана иық теңестіретін уақыт. Сол себепті де, мемлекетіміз болашаққа айқын бағдарламалар жасап, нық қадам басуда. Ислам діні, әлбетте, ең алдымен білім мен ғылым игеруге шақырады. Өз заманында ғылымдағы сан алуан саланың негізін мұсылман өркениетінің өкілдері қалағанын білеміз. Осы мәдениеттің заңды жалғастығы ретінде, бүгінгі жастар да қоғамға пайдалы іс-әрекеттердің бастамашысы болуға ұмтылуы керек-ақ» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Айта кетсек, мемлекеттік басқару академиясына қарасты институт мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-саяси процестерді тиімді басқару негіздерімен таныстыру және қазіргі менеджерлердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту бағытында осындай ауқымды жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру