Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» сектор меңгерушісі жамағатпен жүздесті (ФОТО)

01.11.2016 3939 0 пікір

Жексенбі күні ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы айшықты «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп жамағатпен жүздесіп, «Мұсылман әйелдің тұлғалық келбеті» тақырыбында тұщымды уағыз айтты. Уағызда қай заманда болмасын қазақ әйелдерінің бейбіт өмірде де немесе ел басына, ер басына күн туған уақытта да қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратындықтарына тоқталды. Мысалы, халқымыздан Домалақ ана, Айша бибі, Зере әже, Ұлжан апа, Мәншүк, Әлия сынды батыр да парасатты әйел тұлғалардың болғандығын, небір даналарды, батырларды, ақындарды дүниеге келтіріп тәрбие бергендігін баяндап берді.

Қазіргі таңда әйелдер заманның ағымынан қалыс қалмас үшін жан-жақты білімді әрі парасатты болу керектігін түрлі мысалдармен келтірді. Ең бастысы мұсылман әйел кішіпейіл, мейірімді, білімді, отансүйгіш, бауырмал т.б. асыл қасиеттерді бойына сіңіре білу керектігіне баса назар аударды. Уағыз соңында Астана қаласының ақ жаулықты қажы әжелері Ақбөпе Қанатқызына дін саласында атқарып жүрген еңбектеріне алғыстарын айтып, сый-сияпат жасап, ақ баталарын берді. Уағызға әлеуметтік желелерден есітіп келген Елорда қонақтары да исламтанушыға дән риза болып, өз қалаларына да арнайы барып, уағыз-дәріс жүргізуін сұранды. Сектор меңгерушісі келешекте еліміздің барлық аймақтарында жоспар бойынша арнайы кездесулер, дәрістер болатындығын жеткізді.

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру