
Маңғыстау облысы бойынша мешіт имамдарының он айлық жұмысының қорытынды жиналысы өтті. Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков ағымдағы жыл барысында атқарылған жұмыс барысын қорытындылап, алдағы атқарар жұмыстарды тапсырды.
Діни басқарма тапсырмасына сәйкес міндеттелген жұмыстар уақтылы, дер кезінде жауапкершілікпен атқарылуы тиіс екенін баса назарда айтылды. Діни басқарма тарапынан шыққан пәтуалар мен мәлімдемелер негізгі ұстаным болғандықтан өз бетінше әрекет етпеу қажеттігін ескерткен өкіл имам, қазіргі кезде дінді кәсіп еткен азаматтарды тәртіпке шақыру керек деп сөзін түйіндеді. Сонымен қатар, апталық есеп беруде кеткен кемшіліктерді туралау керектігін ескертті.
Алдағы уақытта Діни басқарма имамдардың құжатын даярлауды жоспарлауда. Таяуда Діни басқарманың арнайы жиынына барған облыстық мешіттің наиб имамы Е.Атибеков имамдарға қандай мәлімет беру керектігін түсіндіріп, қысқа мерзімде аталған мәліметтер облыстық мешітке берілуі тиіс екенін түсіндірді.
Күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, өкіл имам С.Сейтбеков мәулітке қатысты шараларды желтоқсан айының ішінде атқарып, өз деңгейінде өткізуге тапсырма беріп, жиынды қорытындылады.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.11.2016
3406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру